«Қазақстанда оқу жылының ұзақтығы 36 апта. Дәстүр бойынша оқу жылы 1 қыркүйекте басталып, биылдан бастап 31 мамырда аяқталады», — деді комитет басшысы.
Еске салайық, Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай Қазақстанда оқушылардың соңғы қоңырау мерекесін 31 мамырдан басқа күнге ауыстыруды ұсынған еді. Себебі, 31 мамыр – ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні.