Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РМК бас директорына, оның бірқатар бағыныстыларына, сондай-ақ Комитеттің бухгалтерлік есеп және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысына қатысты алдау және сенімге қиянат жасау, пара беру және алу арқылы өзге мүлікті ұрлады деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізеді.
Қазір лауазымды азаматтар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.
Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.