Мінәжат етушілердің соңғы жоралғыларының бірі Меккеден шығысқа қарай орналасқан Мина алқабында шайтанға тас лақтыру рәсімі болды.
Мыңдаған адам Ибрахим пайғамдардың өмірінен эпизодты қайталау үшін киелі алқапқа барды. Құран кітабында жазылғандай, пайғамбар өз ұлын құрбандыққа шалуға көндірмек болған шайтанды таспен атып, айналасынан қуған.
Кейін жамағат Әл-Харам мешітінің ішкі ауласындағы Қағбаны тағы бір айналып шықты.
Корольдік билігінің мәліметінше, биыл қажылыққа 1,8 млн адам келді, олардың дені – шетелдіктер. Бұған дейінгі рекорд пандемияға дейін болған еді: 2019 жылы қажы дәрежесін 2,5 млн мұсылман алды.
Биыл 4 мың қазақстандық Меккеге қажылық сапарға барды.