Ресми мәліметке сүйенсек, өңірде 42 адамнан қызылша анықталды. Оның басым бөлігі облыс орталығында тіркеліп отыр. Сондай-ақ Рудный, Жітіқара қалаларында, Жанкелді ауданында осы ауруды жұқтырғандар бар. Қауіпті індетке шалдыққандардың дені балалар. Көбі дертке қарсы екпе алмаған.
«Ауру ошақтарында эпидемияға қарсы іс-шаралар ұйымдастырылды. Ондағы мақсат қызылшаның таралу аумағын, дертке шалдыққан жандардың кіммен жақын қарым-қатынаста болғандығын анықтау. Соның нәтижесі бойынша шұғыл алдын-алу жұмыстары жүргізіліп жатыр», — деді облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Әйгерім Қалиева.