«Жол-патрульдік қызметкерлері осыдан 2 күн бұрын түнгі кезекшілікте болғанда ішімдік ішіп, көлік жүргізген үш адамды анықтады», – дейді жергілікті полиция қызметінің бөлім бастығы Рашид Нұрмамбетов.
Оның айтуынша, аталған деректер ҚР ӘҚБтК-нің мас күйінде автокөлік басқару бабы бойынша тіркеліп, іс қозғалды.
«Сот отырысында құқық бұзушылар кінәсін толық мойындады. Олар көлікті басқару құқығынан 7 жылға айырылды және 15 күнге әкімшілік қамаққа алынды», – деді Рашид Нұрмамбетов.
Айта кетейік, жыл басынан бері мас күйде көлік тізгіндеген 34 тұрғынның жүргізу куәлігі 7 жылға бұғатталды.