Іс-шараға Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлы қатысып, ақ тілегін арнады.
Байқауда Малайзия Ислам университетінің түлегі, Нұр-Мүбарак университетінің PhD докторанты, Халықаралық Құран жарысының жүлдегері Жанат Алдияр, әл-Азһар университетінің түлегі, Нұр-Мүбарак университетінің оқытушысы Жадыра Сариева және ҚМДБ Әйел-қыздар секторының Алматы облысындағы жетекшісі, ұстаз Гүлмира Ілесбай сынды білікті дін қызметкерлерінен құрылған қазылар алқасы төрелік етті.
Нәтижесінде:
- І орынды Мәриям Оразымбетқызы (Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің студенті) жеңіп алды;
- ІІ орынды Мухлиса Шерзатқызы (Шымкент медресе колледжінің шәкірті);
- ІІІ орынды Меруерт Бақдаулетқызы (С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің резидентура бойынша І курс студенті) иеленді.
Жүлделі орын алған қатысушылар қаржылай сый-сияпатқа ие болды. Бұдан бөлек «Үздік қатысушы» аталымы бойынша Алина Досболқызы, Гаухар Ақмалжанқызы және Мөлдір Нұрболатқызы марапатталды.