«Ішкі істер министрлігі қоғамдық қауіпсіздіктің жай-күйі туралы ұлттық баяндама дайындайды. Ұлттық баяндама қауіпсіздікті қоғаммен бірге серіктестікте қамтамасыз ету тұжырымдамасы жобасы аясында ұсынылады. Оны тәуелсіз сарапшылардың бағасы сүйемелдейді. Ұлттық баяндама уәкілетті органдардың қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы жұмысын жандандыруға мүмкіндік береді деп болжануда. Оны әзірлеу ведомствода мемлекеттік органдармен және азаматтық сектор өкілдерімен кездесу кезінде қабылданды», — деді Шұғыла Тұрлыбек ІІМ-де өткен брифингіде.
Оның айтуынша, қауіпсіздік деңгейі бойынша өңірлер рейтингін жасау туралы ұсыныстар түсті.
«Кездесуге қатысушылар жергілікті қоғамдастықтармен әріптестіктің жаңа жүйесін құру және профилактиканың әрбір субъектісінің ортақ жауапкершілігін белгілеу бойынша жобаға енгізілген шараларды оң қабылдады. Қоғамдық тәртіпті бұзатын және азаматтардың қауіпсіздігіне қауіп төндіретн түрлі жайттар талқыланды», — дейді ол.
Сондай-ақ, министрлік өкілі тұжырымдама шеңберінде қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін үкіметтік емес ұйымдар және еріктілермен әріптестікті дамыту қарастырылатынын айтты.