«Өмір сүру ұзақтығының өсуіне экономиканың дамуы, әлеуметтік әл-ауқат, оның ішінде денсаулық сақтаудың дамуы, сондай-ақ халықтың саламатты өмір салтын ұстануы сияқты факторлар әсер етеді», — дейді ведомство.
Министрліктің айтуынша, республикада жоғары технологиялық медициналық қызметтерді, ауыл медицинасын, денсаулық сақтау объектілерінің инфрақұрылымын дамыту жөніндегі жұмыс күшейтілді.
Сондай-ақ ауыл тұрғындары үшін профилактикалық тексерулер енгізілді, балаларды профилактикалық тексеру пакеттері кеңейтілді, онкологиялық және гематологиялық ауруларға күдік туындаған кезде тексерулер жеделдетілді.