Соңғы үш жылда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өндірісінде алаяқтық фактілері бойынша 600-ден астам қылмыстық іс болған.
«313 адам сотталды. Қазір Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өндірісінде алаяқтарға, делдалдарға және пара беруге итермелеушілерге қатысты бірқатар қылмыстық істер бар. Алаяқтарға берілген ақшалай қаражаттың жалпы сомасы 17 млрд теңгеден асады», — делінген Антикор хабарламасында.