Қызмет көрсету көлемі бойынша құмар ойынды ұйымдастыру мен бәс тігу қызметі жылжымайтын мүлікке қатысты жасалатын операциялардан, сәулет, инженерлік жұмыстар, техникалық сынақтар мен талдау саласындағы қызметтерден, сондай-ақ, компьютер бағдарламалау мен консультация қызметтерінен кейін екінші орында тұр.
2022 жылғы қаңтар- қыркүйек аралығында бұл қызметтен ең көп ақша тапқан — орташа компаниялар, табысы 276,4 миллиард теңгені құрайды.
Одан кейінгі орында шағын және ірі кәсіпорындар: 163,1 миллиард және 16,7 миллиард теңге. Жеке кәсіпкерлердің үлесі 9,9 миллион болды.
Бұл ретте шетелдік компаниялардың да үлесі кем емес: 162,9 миллиард теңге. Былтырмен салыстырғанда 4,5 есе көп.