«Қазақстанда өткен жылдың қорытындысы бойынша халықтың қартаю индексі 26,6 құрады, яғни, елімізде 0 жастан 15 жасқа дейінгі әрбір 100 балаға 65 жастан асқан 26,6 азаматтан келеді», — деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.
Бес жыл бұрын яғни, 2017 жылы бұл көрсеткіш 25,9 деңгейде болды.
Статистика агенттігі атап өткендей, ауылдық жерлермен салыстырғанда Қазақстанның қалалық жерлеріндегі қартаю көрсеткіші жоғары – 28,7. Осы турасында 2019-2020 жылдар аралығында қалалық индекс — 29,1 деңгейінде болды.
Ал, Солтүстік Қазақстан облысында индекстің ең жоғары көрсеткіші-66,5. Елімізде ең жас қала Шымкент болып табылады — 100 балаға 65 жастан асқан 14,3 адамнан келеді.
Бас қалада халық саны салыстырмалы түрде жас индекс — 17,3 құрады.
Ауыл тұрғындары арасындағы қартаю индексі қалалық көрсеткіштен 4,9 пайызға аз. Дегенмен бес жыл бұрынғы көрсеткішке қарағанда аздап өзгерді – 2017 жылы 100 балаға 22,4 ересек адамнан келді.