Шетелдік көліктерді заңдастыру науқанының алғашқы үш күнінде 13 мың өтініш мақұлданып, 900-ге жуық көлік иесі жаңа нөмірлерге ие болды.
«Қазіргі таңда 13 мың өтініш алдын ала мақұлданды. 879 адам көлігін заңдастырудан сәтті өтті. Оларға қазақстандық техникалық төлқұжат пен мемлекеттік нөмірлер берілді», — деп хабарлады Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі
Еске салайық, Қазақстанда өзге елдерден әкелінген көліктерді заңдастыру 23 қаңтарда басталды. Науқанға байланысты көлік иелеріне қызмет көрсету орталықтары күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.
Ережеге сәйкес, көлік Қазақстанға 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінуі тиіс, ол соттылықта болмауы керек, басқа мемлекетте бұрын тіркелген жері бойынша есептен шығарылуы тиіс. Сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден әкелінген көлік міндетті түрде кедендік рәсімдеуден өтуі қажет.
https://www.alataunews.kz/zhanalyq/buegin-sheteldik-koelikterdi-zangdastyrw-bastaldy/