2022 жылғы II тоқсандағы зерттеу нәтижесі бойынша табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен де төмен халықтың үлесі (кедейлік деңгейі) 5,1% құраған. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 0,3 пайыздық тармаққа жоғары.
«Кедейлік қаупіне үй шаруашылықтарының көлемі қатты әсер етеді. Осылайша, 5 және одан да көп адамнан тұратын үй шаруашылықтары арасындағы кедейлік деңгейі 2022 жылғы II тоқсанының қорытындысы бойынша 9,3% құрады. Бұл жалпы кедейлік деңгейінен 2 есеге жуық жоғары», — делінген Ұлттық бюро хабарламасында.
Айта кетейік, биылғы екінші тоқсанда жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 43 100 теңгені құрайды.