Тауарларды көтерме және бөлшек импорттаушылар таңбалау процесін енгізу бағаның өсуіне әкелетінін айтты. Бұл туралы аяқ киімнің бөлшек және көтерме саудасын импорттаушылар қауымдастығының өкілі Айнұр Қайдарова айтты.
ҚР Алкогольсіз сусындар мен шырындарды өндірушілер қауымдастығының президенті Әлия Мамытбаева алкогольсіз сусындар сату көлемінен пайда алатын төмен баға нарығы екенін қоса кетті.
“Контрафактілік өнімдерді жасау тиімсіз. Өнімнің құны төмен екенін ескерсек, оны таңбалауға кететін шығын тым жоғары, — деді Әлия Мамытбаева.
Бұл мәселелерді олар ҚР сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің кәсіпкерлермен кездесуінде айтты.
“Сонымен қатар, жобаны іске асыру процесін тежейтін бірқатар маңызды жайттар бар. Кәсіпкерлердің айтуынша, бұл ең алдымен ақпараттық таңбалау жүйесінің техникалық проблемалары мен кемшіліктері. Алайда, бұл ретте отандық аяқ киім өндірушілердің өкілдері тауарларды міндетті таңбалауды енгізу бизнес мүддесіне сай келеді деп есептейді”, — деп хабарлады министрлік.
Қазақстанда көлеңкелі нарыққа қарсы күрес құралы ретінде тауарларды цифрлық таңбалау және қадағалау 2018 жылы басталды. Міндетті таңбалау төрт тауар тобы бойынша енгізілді: жүн және темекі өнімдері, аяқ киім, дәрі-дәрмектер. Оралған суды, құрамында қанты бар сусындар мен зергерлік бұйымдарды таңбалау бойынша пилоттық жобаларды іске асыру жүргізіліп жатыр.