Қазіргі уақытта, Боран ауылында жағалауды бекіту жұмыстары жүргізілуде. Су Ертіс өзеніне құйып жатыр.
Жергілікті атқарушы органдардың айтуынша, зардап шеккендер жоқ.
«Су қатты келіп жатқан жоқ, шамамен 2 сантиметрге жуық. Бұл тек сол ауылдың маңында ғана. Ол жақта әлі де жұмыстар жүргізілуде. Аймаққа тәуліктік кезекшілік ұйымдастырылды. Төтенше жағдайлар басқармасының төрт қызметкері кезекшілікте отыр. Олардың көліктері, қайық және т.б. барлық қажетті құралдары бар. Аудан әкімі мен ТЖБ бастығы оқиға орнында», — делінген хабарламада.