Президент продюсердің Instagram-дағы жазбасына пікір жазып қалдырды.
«Көк туымыз мәңгі желбірей берсін!», — деп жазды Президент.
Айта кетсек, отандық продюсер Нұрлан Қоянбаев 2020 жылы 25 маусымда әлемдік рекорд орнату үшін Instagram парақшасында Қазақстан туының суретін жариялап, ерекше челленджді бастаған еді. Ондағы мақсат — пікір жинаудан әлемдік рекорд орнату. Бүгінгі таңда Қазақстан туының суреті бар Instagram-дағы бұл жазба 13 млн 982 мың 251 пікір жинап үлгерген.
Нұрлан Қоянбаев Президенттің қолдауына өз ризашылығын білдіріп, желіде жауап жазды.
«Достар, біздің жобамызды Президент қолдады! Біздің бастаған жобамыз — әлеуметтік желіде де бір ел, бір күш екеніміздің айғағы. Көк туымыз желбірей берсін! Президентімізге #respect !!!», — деп жазды ол желіде.
Посмотреть эту публикацию в Instagram