Қаскелеңде ҰОС батырларының құрметіне тұрғызылған мемориалдық кешеннің аумағында бір топ адам ішімдік ішіп, әбден шулаған.
Алматы облысы полиция департаменті видеодағы адамдардың жеке басы анықталғанын, олар ұсақ бұзақылық, қоғамдық орында спирттік ішімдіктер ішу, темекі өнімдеріне тыйым салуды бұзу бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын жеткізді.