Спикердің сөзінше, Алматы әкімдігінің ғимаратын қайта қалпына келтіру үшін арнайы жобалық-сметалық құжаттама әзірленді.
«Бірінші кезеңдегі жобалық-сметалық құжаттама үш павильонға арналған. Құрылыс-монтаж жұмыстарының жалпы құны — шамамен 13 млрд теңге. Ең үлкен павильон төртіншісі болмақ. Соған сәйкес, екінші кезеңде жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеп жатырмыз. Қыркүйек айының соңында аяқтауды жоспарлап отырмыз. Құны қорытынды шыққан соң анықталады, бірақ алдын ала есеп бойынша 4 млрд теңге шамасында. Яғни, ғимаратты жалпы қалпына келтіруге бізге 17 млрд теңге қажет», — деді басқарма өкілі.
Сонымен қатар, ол ғимараттың қасбеті сақталатынын атап өтті.
«Алматы әкімдігі ғимаратының қасбеті барынша сақталады, біз бұрынғы тарихи келбетін қайтарамыз. Эстетикалық көріністі сақтаймыз», — деді Ұлан Оңалбаев.
Бұған дейін Ерболат Досаев Алматы әкімдігі ғимаратын жөндеу жұмыстары 2023 жылы аяқталатынын айтқан болатын.