15 жасар Жанель Мелдеханның денесіндегі жарқыншақтардың бір бөлігі Алматыда жасалған ота барысында алынған. Ал күрделілерін Түркияда (Koc University Hospital) алу туралы шешім қабылданған болатын. Қордың көмегі:
- «Қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккендерге көмектесу» бағдарламасы бойынша 13 млн теңге ақшалай көмек көрсетті;
- Түркияға барып ота жасатып келу шығынын толық өтеді;
- жасөспірімнің білім алуына арнайы депозит ашуға шешім шығарды. Бұл қаражатты ол мектеп бітірген соң, университетке оқуға түскенде пайдалана алады.
Айта кетейік, биыл 7 қаңтар күні Жанельге бірнеше оқ тиіп, жансақтау бөлімінде ем алған еді.