ІІМ — 97 млн;
ҚР Қорғаныс министрлігі — 95 млн;
ҚР Қаржы министрлігі — 25 млн;
ҚР Жоғарғы Соты — 7 млн;
ҚР Қаржы мониторингі агенттігі — 15 млн;
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігі-3 млн;
Жергілікті атқарушы органдар — 36 млн;
Басқа мемлекеттік органдар — 27 млн.
Сондай-ақ, ведомствода казиноға ресми кірістен бірнеше есе көп ақша жұмсаған жекелеген мемлекеттік қызметкерлер туралы айтылды.
Мәселен, жылдық табысы 10 млн теңгеден аспайтын Астана әкімдігінің қызметкері Е. С. Абдуалтиев «BeIIagio» казиносына 54 рет барып, 53 млн теңге жұмсаған. Жылдық табысы 7,9 млн теңгеден аспайтын Атырау облысының энергетика және ТКШ басқармасының қызметкері Е. А. Назаров «Торнадо 777» ойын автоматтары залына екі рет барып, 3,2 млн теңге жұмсаған. Жылдық табысы 3 млн теңгеден аспайтын Алматы облысы бойынша қазынашылық департаментінің қызметкері А. Өмірбекұлы «Astoria» және «Макао» казиноларына 25 рет барып, 33 млн теңге жұмсаған.
Жылдық табысы 3 млн теңгеден аспайтын қаржы мониторингі Агенттігінің қызметкері Қ. А. Өтеген «Astoria» казиносына 3 рет барып, 25 млн теңге жұмсаған.
Алматы облысы полиция департаменті қызметкерлерінің де құмар ойындарына барғаны анықталды. Жылдық табысы 3 млн теңгеден аспайтын Д. А. Қазақбеков «Bombay» казиносына 76 рет барып, 15 млн теңге жұмсаған. Жылдық табысы 1,5 млн теңгені құрайтын әріптесі А. Б. Бақытов «Astoria» казиносына 13 рет барып, 23 млн теңге жұмсаған.
Сондай-ақ, әскери қызметкерлер құмар ойындар ойнаған. Атап айтқанда, Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері Әскери институтының әскери қызметшісі, жылдық табысы 3 млн теңгеден аспайтын З.Г. Телепов «Bombay» казиносына 34 рет барып, 12 млн теңге жұмсаған.
Прокуратура тіпті мемлекеттік билік өкілінің де құмар ойындарға қатысу фактісі анықталғанын, оған қатысты мемлекеттік биліктің беделін нығайту жөніндегі арнайы бланкеттік нормалар, Қазақстан Республикасының, мемлекеттік биліктің, Қарулы күштер мен әскери полиция органдарының беделін түсіруге қабілетті іс-әрекеттер жасауға жол бермеу жөніндегі шектеулер қолданылатынын айтты.
Талдықорған гарнизонының әскери полиция бөлімінің қызметкері, жылдық табысы 6,6 млн теңгеден аспайтын Е. Н. Ахаев «Astoria» казиносына 39 рет барып, 12,2 млн теңге жұмсаған.
Жоғарыда аталғандардан басқа, ойыншы болып табылмайтын Қонаев қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті М.Б Тоғызбаевтың «Каспий Банк» АҚ банк картасына жалпы сомасы 1,2 млн.теңге ақшаны аудару арқылы қабылдаудың 10 фактісін тіркеді.