19 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 2 215 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр, олардың ішінде 328 пациент стационарда, 1 887 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
Індетке шалдыққандар арасында:
11 адамның жағдайы ауыр,
4 пациенттің жағдайы өте ауыр,
1 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.
Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық орындарда қайтадан бетперде тағуға кеңес берген еді. Өйткені қараша айының басынан бері республика бойынша коронавирусты жұқтырған адамдардың саны өсіп барады.