Ол туралы бейнежазба әлеуметтік желіге тарады. Таспагердің айтуынша, бұл оқиға Алматының Жетісу ауданындағы Бөкейханов көшесінде сенбілік өтіп жатқан жерде болған. Қазақстанның мемлекеттік туы қоқыс шығаруға арналған қаптың орнына пайданылған. Аталған фактіге жол бергендерді анықтау және оларға байланысты қолданылатын жаза туралы қазір жергілікті жауапты органдар әлі мәлімет таратқан жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, осыдын үш апта бұрын жергілікті блогер Алматы облысы Ақсу ауданына қарасты ауылдардың бірінде қоқыс үйіндісінен елтаңба тапқан еді.
Мемлекеттік рәміздерді қорлағандар қылмыстық жазаға тартылатыны белгілі. Мәселен, жазаның ең жеңілі — 2000 АЕК(6 126 000 теңге) дейінгі айыппұл,кейбір жағдайда қылмыскер бас бостандығынан 2 жылға айырылады.