«Балалар арасында орын алып отырған зорлық-зомбылық фактілері балалар тәжірибесіне қатысты кешенді көзқарастырдың қажеттігін көрсетіп отыр. Сондықтан министрлік тәрбие жұмысының тұжырымдамасын әзірлеуді қолға алды. Тұжырымдаманың негізгі өзегі – ұлттық адами құндылықтарға негізделген білім мен тәрбие беру. Осы бағыттағы жүйелі шешімдердің бірі әрбір мектепте ата-ана міндетін жүзеге асыруда оларды жан-жақты қолдауға бағытталған ата-аналар академиясын құру. Министрлік барлық мүдделі органдармен бірге балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу бойынша кешенді жоспар әзірлеп жатыр. Бұл құжат алдағы оқу жылына дейін қабылданады деп күтіп отырмыз», — деп тоқталды Еділ Оспан.
Сондай-ақ, ол қазір түрлі мәселесі бар 6 мың бала мектепішілік есепке алынғанын айтты.
Бұған қоса, өткен жылы бала алдындағы ата-ана міндетін орындамаған 7 мыңнан аса адам жауапқа тартылғанын мәлім етті.
Ол министрлік ЖОО-ларда психологтарды даярлау бағдардамасына өзгеріс енгізуді ұсынатынына тоқталды.