«Жалған ұстаздардың» оқушыларға білім беріп келгенін прокуратура анықтаған. Аймақта педогогикалық білімі бар делінген жалған дипломмен жұмыс істеп келген 9 мұғалім анықталған.
Аталған фактілерге қатысты қылмыстық іс қозғалды, оның бірі 75000 айыппұлмен құтылған.
Бастауыш сынып, орыс және қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің жалған мұғалімдеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр.
«Жалған мұғалімдердің» диплом тұрмақ, жоғары оқу орындарында мүлдем оқымағаны белгілі болды.
«Қарақия аудандық соты жалған дипломмен жұмыс істеп келгендерге 25 АЕК көлемінде айыппұл төлеуге үкім шығарды», — дейді Маңғыстау облысы прокуратурасының прокуроры Мағжан Бегендік.
Дәл осындай фактілер Ақтау қаласындағы екі мектепте, Жаңаөзен қаласындағы үш мектепте, Мұнайлы ауданында екі мектепте, Бейнеу ауданында бір мектепте анықталды.