Аталған уәкілетті органның ұйымдастыруымен «Заң керуені» атты акция ұйымдастырылып, азаматтардың жер дауы, мүлікті тіркеу, жәрдемақы және түрлі мемлекеттік қызметтер мен салықтық жүйеге қатысты мәселелері қарастырылды.
«Мен 4-5 мәселемен келдім. Мен ғана емес ауыл тұрғындары да бар. Білім саласына қатысты сұрағымыз болды, медицина, прокуратура барлығы бір-ақ жерден оңай шешілді. Осылай жиі ұйымдастырылып тұрса екен», − деді аудан тұрғыны Келгенбай Тұяқов.
Алматы облысы прокурорының бірінші орынбасары Данияр Қатаевтың айтуынша, бұл жыл сайын өткізілетін науқан.
«Аталмыш акция жылына кейде екі рет өткізіледі. Халықтың сұрағандары, бізге келгені ең алдымен біздің жұмысымыз ғой. Мақсатымыз халыққа заң талаптарын түсіндіру, барлық мәселелерді шешу», − деді ол.
Айта кету керек, аталған шара бүгінге дейін облыстың 4 ауданы мен Қонаев қаласында өтіп, 500-ге жуық азаматқа құқықтық консультация берілген.