Мәжіліс депутаттары әйелдер құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заң жобасын қарауға қабылдады.
«Заң жобасы Мемлекет басшысының тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейту туралы тапсырмасына сәйкес келеді», — деді Асхат Аймағамбетов Мәжілістің жалпы отырысында.
Құжат келесі негізгі нормаларды қамтиды:
- ұрып-соғып, денсаулыққа жеңіл зиян келтіргені үшін жаза қатаңдайды (әкімшілік жауапкершіліктен қылмыстық жауапкершілікке ауыстырылады);
- тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы қолда бар мәліметтерге сүйене отырып, жәбірленуші тараптың мәлімдемесін күтпей-ақ сотқа талап қоюға болады;
- соттарға тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамдардың агрессив мінез-құлқын өзгерту үшін психологиялық көмек тағайындауға рұқсат етіледі;
- педофилдерді өмір бойына бас бостандығынан айыру ұсынылады;
- өзін-өзі өлтіруге үгіттеу немесе өзін-өзі өлтіруге жеткізу үшін қылмыстық жауапкершілікті енгізу;
- балаларға арналған интернаттық және жабық мекемелерді алдын ала ескертусіз кез келген уақытта тексеру ұсынылады.