Биыл жыл басындағы жағдай бойынша 60 және одан жоғары жас тобындағы халық саны 2 616 515 адам (елдің жалпы санының 13,2%) болған. Оның ішінде 1 031 051 адам (39,4%) – ер және 1 585 064 адам (60,6%) – әйел.
Егде жастағы халықтың ең көп саны Алматы қаласында – 288 922 адам, Қарағандыда – 200 186 адам, Түркістанда – 190 160 адам және Алматы облысында – 177 685 адам.
2022 жылы 60 және одан жоғары жастағылар арасында жұмыспен қамтылғандар саны – 308,3 мың адам. Оның 63,4%-ы ерлер және 36,6%-ы әйелдер. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 60-64 жас аралығындағы жұмыспен қамтылған халық саны 4,6% азайған. Айтарлықтай төмендеу осы жас тобындағы әйелдерге тиесілі – 16,1%. 2021 жылмен салыстырғанда былтыр зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақы алушылар саны 2,8% артқан.
2022-2023 оқу жылының басында 63 және одан жоғары жастағы және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім беру ұйымдарындағы ерлер саны 2 887 адам, 60 жастан асқан әйелдерде саны – 4 189 адам. Оның ішінде магистр академиялық дәрежесі бар 322 адам, философия докторы 132 адам, бейіні бойынша доктор 145 адам, ғылым докторы 1 512 адам, ғылым кандидаты 3 336 адам, профессор 1 238 адам және доцент 1 986 адам.