«Жастар өздері шешеді. Бір-бірін жақсы көретін болар», — деді Д. Тұрлыханов Парламент Мәжілісінің жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Депутат осы оқиға жайында естімегенін және ұлымен сөйлесетінін айтты.
«Олар ер жеткен балалар. Сондықтан өздерінің мәселесін өздері шешеді деп санаймын. Бұл деректі сіздерден естіп отырмын және мен үшін жағымсыз жаңалық болып тұр», — деді Д. Тұрлыханов.
Бұған дейін журналист Михаил Козачковтың Telegram-каналында жігіт пен қыздың арасындағы жанжалға қатысты видео жарияланған болатын.