«Сіздерді ел ынтымағын айшықтап, бірлігімізді бекемдей түсетін Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын! Тіршілігін түзеп, өзгемен терезесін теңестірген еліміздің ырыс-берекесінің темірқазығы қашанда бір-бірімізге деген құрмет пен ізеттілік екені анық. Осы тұста тағылымға толы тарих беттерінде Алатау бөктеріне қоныс аударған сан халыққа пана болған өңіріміз татулық пен бірліктің талбесігіне айналды», — деп атап өтті өңір басшысы.
Ол Алматы облысы — көпұлтты өңірлердің бірі екенін айтты.
«Бүгінгі таңда тәуелсіздікпен бірге ту еткен ынтымағымыздың жемісі — облыс тұрғындарының экономиканың әр саласындағы еселі еңбектерінен көрініс табуда. Сондықтан, бүгінгі айтулы күнді пайдалана отырып, облысымыздағы әр шаңыраққа шаттық тілеймін. Көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін мереке әр отбасының ырысын арттырсын!», — делінген құттықтау мәтінінде.