17 сәуірде Қарасай аудандық соты «Барыс» көлік базарына қатысты азаматтық іс бойынша шешімін жариялады. Қадағалау органы шешімнің 17 сәуірде жарияланғанын атап өтті.
Сотта Қарасай ауданы прокуратурасының жалпы ауданы 37,6 гектар болатын жер телімдерін сатып алу-сату үлгісіндегі шарттарын жарамсыз деп тану туралы талап-арызын қанағаттандыру жайлы шешімі жария етілді.
Азаматтық іс бойынша төрағалық еткен судья Ахметова, ал талапкердің өкілдері — Қарасай аудандық прокуратурасының аға прокурорлары Исаев пен Райымқұлов.
«Сот кабинеті» порталының мәліметінше, бұл іс бойынша жауапкер — Болат Назарбаев.