«Биылғы пітір садақасы жан басына 535 теңге болып бекітілді. Пітір садақасы мөлшері еліміз бойынша екі келі ұнның ортақ бағасы негізінде белгіленді. Пітір садақасын құрма, мейіз бағасымен беруге болады», — деді Бас мүфти.
Оның атап өтуінше, шариғатымыз бойынша балиғатқа толған, ақыл-есі дұрыс әрбір мұсылманға Рамазан айында ораза ұстау – парыз.
«Алайда, жолаушыларға, сырқаттанған немесе денсаулығы жарамайтын адамдар дертінің асқынуынан қауіптенсе ораза тұтуды кейінге қалдыруға шариғатымыз рұқсат береді. Сондай-ақ жүкті немесе омырауда баласы бар әйелдерге де уақытша ораза ұстамауға болады», — деді Наурызбай қажы Тағанұлы.
Еске салсақ биыл Рамазан айы 23 наурызда басталады. Қасиетті Қадір түні — 17 сәуірден 18 сәуірге қараған түн. Ал 21 сәуір — Ораза айттың бірінші күні.