«Бұл екі іс-шара да дәстүрлі түрде, өткен жылдардағыдай белгіленген мерзімде өтеді. Биыл соңғы қоңырау 30 мамырда болады. Әр мектеп бұл шараны өз бетінше өткізеді. Аттестат тапсыру — балалардың өміріндегі алғашқы маңызды құжат алуы, сондықтан бұл іс-шара да өтеді. Әрине, өткен жылдары коронавирусқа байланысты шектеу шаралары болды. Сондықтан іс-шараларды өткізе алмадық, ал биыл аттестат тапсыру білім беру ұйымдарының қабырғасында салтанатты түрде өтеді», — деді ол.