«Елдегі криминогендік жағдайға тоқталайық, бір апта ішінде 2754 қылмыс жасалды, оның 1670 тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 8 кісі өлтіруді, 1 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 1 қарақшылық, 40 тонау және 376 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты», — деді Ішкі істер министрлігінің өкілі апталық онлайн брифингіде.