«Министрлік жыл сайын өткізетін заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды халықтан сатып алу акциясы жалғасуда. Ол 10 сәуірде басталды. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 88 млн теңгеден астам қаржы бөлінді. Бір апта ішінде ішкі істер органдарына 317 азамат жүгінді, олар өз еркімен 399 атыс қаруын, 1,4 мыңнан астам қару тапсырды. Халықтан қару-жарақ сатып алу шарасы 2008 жылдан бері жүргізіліп келеді. Осы уақыт ішінде азаматтар жалпы сомасы 1,9 млрд теңгеге 56 мыңнан астам атыс қаруы мен 2 млн астам патронды өз еркімен полицияға тапсырды», — деді Шұғыла Тұрлыбек министрлікте өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, қабылданған шаралар тиімділігін көрсетіп отыр. Оның дәлелі соңғы 5 жылда қару қолдану арқыл жасалатын қылмыстар саны азайған.
«Еске сала кетейік, қару-жарақты ерікті түрде тапсырғаны үшін республикалық бюджеттен қарудың техникалық жағдайына байланысты оның әрбір бірлігіне 34 мыңнан 345 мың теңгеге дейінгі сомада төлем жасау көзделеді», — дейді ол.
Қару-жарақ, оқ-дәрі және жарылғыш заттарды қабылдау әр аумақтық полиция мекемесінде жүргізіледі.
«Қауіпсіздікті қамту мақсатында ведомство табылған жарылғыш заттар және оқ-дәрілерге өздігінен әрекет жасамауды және оларды тасымалдауға тырыспауға шақырады. Ол үшін полицияға 102 нөміріне немесе 112 нөміріне телефон арқылы хабарлаған жөн», — деп хабарлайды ІІМ-нен.