«Жаңа оқу жылы басталып кеткеніне 9 күн болды. Осыған орай, 115 оқушыға көмек көрсету жайлы прокурорлар жергілікті кәсіпкерлерге ұсыныс тастады. Нәтижесінде Бақанас мектеп-интернатының 100 оқушысына мектеп формасы, оқу құралдары табысталды», — дейді облыстық прокуратураның баспасөз хатшысы Мақсат Ержанұлы.
Оның айтуынша, Алматы облысы білім басқармасына заң бұзушылықты жою туралы прокурорлық қадағалау актісі жолданды.