«ҚМГ байланыс тобы мен «БерӘлі Маңғыстау Company» өкілдері арнайы жұмыс комиссиясын құру туралы келісімге келді.
Ол комиссия «БерӘлі Маңғыстау Company» компаниясының бұрынғы қызметкерлерінің талаптарын заң аясында шешу үшін қарастыратын болады. Комиссия құрамына «БерӘлі Маңғыстау Company» компаниясының бұрынғы қызметкерлерінің 10 адамы кіреді.
Құқық қорғау органдары ұстаған қалған мұнайшылар босатылып, Астана уақыты бойынша 8:57-де пойызбен Жаңаөзен қаласына кетті», — деп атап өтті компаниядан.
Мұнайшылар да Астананың теміржол вокзалынан видеоүндеу жасап, өздерінің дін-аман екендіктерін айтты және қолдау білдірген жерлестеріне ризашылығын білдірді.
Еске сала кетейік, 10 сәуірде Энергетика министрлігі ғимаратының алдына 70-ке жуық жаңаөзендік жиналды.