2023 жыл 1 қыркүйекте ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділ Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Мемлекет басшысы өз Жолдауында атом энергетикасын дамыту аса маңызды экономикалық және саяси аспект болғанын атап өтті. Осыған байланысты ол жалпыұлттық референдум өткізу арқылы атом электр станциясын салу мәселесін шешуді ұсынды.
2024 жылдың маусым айының соңында президент Тоқаев АЭС салу бойынша референдум ағымдағы жылдың күзінде өтетінін мәлімдеді.
Ал бүгін атом электр станциясын салу мәселесі бойынша қоғамдық пікірталастар циклін аяқтайтын жиырмасыншы жария талқылаулар басталды. Бұған дейін мұндай іс-шаралар еліміздің барлық өңірлерінде өткен болатын. Талқылауға атом саласының сарапшылары, мемлекеттік органдардың, жұртшылық пен азаматтық сектордың өкілдері қатысты.