Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, Алматы облысы ПД ҰҚҚКБ-ға белгісіз адамдарға қатысты жедел ақпарат келіп түскен. Олар зорлық-зомбылық көрсету арқылы Талғар қаласының кәсіпкерінен ақша мен қымбат көлікті талап еткен.
Қылмыстық іс кәсіпкердің арызы негізінде Талғар аудандық ПБ-да ҚР ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігі 2-тармағы («Алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобы жасаған бопсалау») бойынша тіркелді. Кейін жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында арнайы бөлімше жауынгерлерінің қатысуымен Алматы облысы ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері ақшаны алу кезінде Алматы қаласы мен Алматы облысының тұрғындары – 20-23 жас аралығындағы 5 азаматты ұстады.
Күдіктілер ұсталып, Талғар ауданы ПБ УҰО-ға қамауға алынды. Қазір олардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар- жоғы тексеріліп жатыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram