Алматы полициясының бастығы Арыстанғани Заппаровтың айтуынша, алаяқтықтың көп бөлігі қаржылық пирамидаларымен байланысты. Бір қаржы ұйымына қатысты қылмыстық істі тергеу кезінде бірнеше жәбірленушінің арызы тіркелген.
«Мысалы, «Mudarabah Capital-ға» қатысты қылмыстық істің 179 эпизоды, «Оскар Медикал» бойынша 298 эпизод және «Qi Trade» 4 мыңнан астам жәбірленуші бір өндіріске біріктірілді. Танымал тұтынушы интернет-платформаларының өкілдерімен жұмыс кездесулері, сондай-ақ БАҚ-та және әлеуметтік желілерде интернет-алаяқтықпен күресу туралы ақпараты бар мақалалар, бейнероликтердің тұрақты жариялануы интернеттегі алаяқтықтардың санын азайтуға мүмкіндік берді», – деді Арыстанғани Заппаров.
«Кибернадзор» ақпараттық жүйесі арқылы заңсыз сайттарды анықтау үшін интернет кеңістігіне мониторинг жүргізу барысында елде 800-ден астам ресурс бұғатталған немесе шектелген. ПД-ның арнайы тергеу-жедел тобы IT-технологиялар саласындағы қылмыстарды ашу бойынша жұмысын жалғастырып жатыр.