«Кәсіпкерлік субъектісінен бұрын жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша орындалған жұмыс актілеріне қол қою үшін пара алу фактісі бойынша лауазымды тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалы жүргізіліп жатыр», — деп жауап берді Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті.
Ведомство мәліметінше, ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес қылмыстық іс бойынша өзге мәліметтер жарияланбайды.