Ведомство мәліметінше, кәсіпорын тағамдық қоспалар мен басқа да дәрі-дәрмектерін өндіруге инвесторлардан қаражат тартқан.
«Өзінен кейін адамдарды алып келген салымшыларға бонус төлеу уәде етілді. Айта кету керек, «Chia Tai Tianging» Қазақстан аумағында заңды тұлға ретінде тіркелмеген», — делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті аталған серіктестіктің екі белсенді басшысын ұстап, олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Басқа ұйымдастырушыларды анықтап табу бойынша іс-шаралар жалғасып жатыр.