«2021 жылы Алматыда ана өлімінің 30 оқиғасы тіркелді. Оның бесеуі толық қаралды, он бірі өндірісте, он жетісін биыл қарастырып жатырмыз. Биыл төрт оқиға тіркелді. Ана өлімі былтырғы жылмен салыстырғанда аз. Өткен жылы коронавирус жағдайы ана өліміне әсер еткенін білесіздер», — деді Мұрат Мұхамедяров.
Бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі елімізде ана өлімі 58 пайызға төмендегені туралы айтқан болатын.