Ресми мәліметке сүйенсек, Алматыда 2021 жылдың мамырынан бастап бұл бағдарламаға 12,8 млрд теңге бөлінді.
Қалалық прокуратураның баспасөз қызметінің ақпарына қарағанда, секциялар мен үйірмелерге мүлдем қатыспаған, үйірмеге тіркелген жерден алыс аймақта тұратын 2 мыңнан астам балаға қаржы бөлініп отырғаны анықталды. Жоқ балаларға өткізілген сабақтардың саны 5 мыңнан асады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-не сәйкес іс қозғалды.
Аталған бағдарлама бойынша іс жүзінде тек 935 бала үйірмелерге қатысады.
Бұдан бөлек, бұрын сотталған және түрлі қылмыстар үшін жауапқа тартылған 13 адамның жаттықтырушы болғаны анықталды. Осы жайт бойынша қала прокуратурасы алаяқтық фактісіне сүйене отырып, қылмыстық іс қозғады.
Бірқатар материалдар процестік шешім қабылдау үшін қылмыстық қудалау органдарына берілді.
Бұдан басқа, «Аrtsport» платформасының жұмысында да елеулі олқылықтар анықталды. Бағдарлама платформасы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен біріктірілмеген және балалардың дербес деректері қорғалмаған.