Биылғы жылы «Ер есімі – ел есінде» («Батырларға тағзым») жыл сайынғы акциясы онлайн форматта арнайы аттас платформада https://batyrlargatagzym.el.kz өтеді, ол қазақстандық батырлар туралы барлық ақпаратты көрсетуге мүмкіндік береді.
«Біздің онлайн-акцияны өткізуде тәжірибеміз жеткілікті дәрежеде. 2020-2021 жылдардағы карантиндік шектеулер кезінде осындай акция дәл осы форматта өткен. Акцияны дәстүрлі форматта өткізу үнемі қоғамдық қауіпсіздіктің белгілі бір келеңсіз жағдайларына алып келетіні жасырын емес. Сонымен қатар, қаланың орталық көшелерінің біріндегі қозғалыстың жабылуы автокөлік иелері мен жақын маңдағы үй тұрғындары үшін қолайсыздықтар туғызады», — деді «Ауғанстан ардагерлер одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Алматы қалалық Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Мұрат Абдушукуров.
Айта кету керек, онлайн-акцияларға қала тұрғындары белсенді қатыса отырып оны қолдайды.
Биыл мектептер мен колледждерде, бейбіт уақытта ержүректік пен батылдық танытқан әскери қызметшілер, ардагерлер, қатардағы азаматтарды шақырумен, тақырыптық «Батылдық сабақтары», сондай-ақ балаларды әртүрлі әскер бөлімдерімен таныстыру бойынша сабақтар өтетінін хабарлаймыз.
Алмалы аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Батай Қабылов «Ардагерлерге тағзым» қайырымдылық акциясы аясында Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, үйде қызмет көрсететілетін және медициналық-әлеуметтік мекемелердегі тыл еңбеккерлерін құттықтау жоспарланғанын айтты.
Сонымен қатар, соғыс ардагерлерін және оларға теңестірілген санаттағы адамдарды, оның ішінде үйде кешенді әлеуметтік-медициналық тексеру айы жалғасуда. Сондай-ақ дәрілік препараттарды Ұлы Отан соғысының жалғызбасты және жалғыз тұратын қатысушылары мен мүгедектеріне үйге жеткізу жүзеге асырылады.
Ақсақалдар Алматы тұрғындары мен қонақтарын арандатушылыққа берілмеуге, қоғамдағы келісім мен өзара сыйластықты сақтауға шақырды. 9 мамыр — біздің ортақ мерекеміз. Бұл күндері ризашылық білдіріп, соғыс ардагерлерін құрметтеп, бірлікті көрсетуіміз керек деді.