«Сот шешімімен 2 352 адам көлік құралын басқару құқығынан айырылды. 1 476 көлік жүргізушісі әкімшілік қамауға алынды. Биылғы жылдың 9 айында ғана Алматыда 2 620 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, оның салдарынан 2 977 адам зардап шекті, тағы 73 адам қаза тапты. Жыл басынан бері барлығы 952 622 жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі анықталды», – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Ұзабаев.
Алматы қаласының жолдарында 557 бағдаршам орнатылған, оның ішінде АСУДД жүйесінде – 463, жергілікті – 94. Барлығы 43 мыңнан астам жол белгісі орнатылған. Қалада 1 799 жаяу жүргіншілер өткелі ұйымдастырылды, оның ішінде 73 жерүсті, 68 жерасты, 108 реттелетін, 1 550 реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелдері бар.