ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы күрес департаментінің басшысы полиция полковнигі Қажығали Имажанов жоспардың негізгі бағыттарын атап өтті.
«Біріншіден, нашақорлықтың алдын алу, емдеу, нашақорларды есепке алу, оңалту және қайта әлеуметтендіру жүйесін дамыту. Тағы бір міндет – электронды төлем жүйелері, дроп карталары, криптовалюталар және басқа да қаржы құралдары арқылы заңсыз есірткі айналымын тоқтату», — дейді Қажығали Иманжанов.
Жоспардың бір бағыты – сот-сараптама қызметін, синтетикалық есірткі және олардың прекурсорларын зерттеу әдістерін жетілдіру.
Ұсынылған жоспарда «синтетика», сондай-ақ күшті әсер ететін және басқа да заттардың заңсыз айналымы үшін жауапкершілікті күшейту қарастырылған.