Құмар ойынды ұнататындар арасында министрлік, құқық қорғау органдарының, қаржы департаменттерінің өкілдері бар екені белгілі болды.
Айта кетейік, мемлекеттік шенеуніктер құмар ойындарға 507 миллион теңге жұмсаған. Олардың ішінде:
– ҚР Ішкі істер министрлігі – 97 млн;
– ҚР Қорғаныс министрлігі – 95 млн;
– ҚР Қаржы министрлігі – 25 млн;
– ҚР Жоғарғы Соты – 7 млн;
– ҚР Қаржы мониторингі агенттігі – 15 млн;
– ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі – 3 млн;
– Жергілікті атқарушы органдар – 36 млн;
– Басқа мемлекеттік органдар – 27 млн.
Сонымен қатар мемлекеттік қызметкерлердің құмар ойындарға жұмсаған ақша көзінің қайдан келгенін анықтау үшін әрбір мемлекеттік органның ведомстволық тексеруін талап етеді.