Отан алдындағы адал қызметтері үшін алғыс арқалағандар қатары 70-ке тарта сарбазбен толықты.
«Өздерінің азаматтық борыштарын аталған департаментке қарасты Қарасай және Райымбек ауданы бойынша шекара басқармаларының аумағында өтеген мерзімді қызметтің сарбаздары әскери-жауынгерлік қызметтегі табыстары үшін марапатталды», – делінген ведомство хабарламасында.
Қарасай ауданында сарбаздар ҰҚК Шекара қызметі басшысының бұйрығымен ІІ-дәрежелі «Шекара қызметінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
Сондай-ақ, Райымбек ауданы бойынша 40-тан астам сарбазға ІІ-дәрежелі «Шекара қызметінің үздігі» төсбелгі тапсырылды.
Айту керек, сонымен қатар рәсім кезінде 20-ға жуық шекарашы Райымбек ауданы бойынша шекара басқармасы бастығының грамотасын иеленді.