Көліктегі полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Қонаев қаласының маңында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Нәтижесінде құрылыс қалдықтарының үйіндісі аумағында теріге оралған 4 тегіс ұңғылы аңшылық мылтық пен 12 калибрлі 22 патрон тауып, тәркіледі.
«Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта қару мен оқ-дәрілерді сақтауға қатысы бар адамдар анықталып жатыр», – деді департамент бастығы Оңал Бекеев айтты.
Оның айтуынша, алынған заттай дәлелдемелер сот-баллистикалық сараптамаға жіберілген.