«Қазіргі таңда облыс бойынша АИ-92 маркалы жанармайдың қоры — 1849,3 тонна (5 күндік қажеттілікті өтейді), АИ-95 — 1015,1 тонна (6 күн), дизель отыны — 944,9 тонна (3-4 күн)», — деді Әділ Әбілдаев.
Облыстың жауапты мамандары аудан әкімдіктерімен бірігіп, ГСМ бағасына, қорына күнделікті мониторинг жасайды. Сәйкесінше, ақпарат күнде өзгереді.
«АИ-92 мен АИ-95 маркалы жанармайы облыс бойынша кедергісіз сатылып жатыр. Бірқатар аудандардағы жеке меншіктегі жанармай бекеттерінде дизель отыны жоқ, ал желілік бекеттерде отын талон және ішкі карта бойынша беріледі», — дейді бас маман өз сөзінде.
Әділ Әбілдаевтың сөзіне сүйенсек, 1 жеңіл көлікке отынның лимиті — 50 литр, жүк көлігінің лимиті — 100 литр. Ал ҚР арнайы мамандандырылған көлігі ретінде тіркелген құжаты болса, күнделікті лимит — 300 литр.
Айта кетейік, облыс бойынша 204 жанар-жағармай бекеті жұмыс істейді, оның ішінде 63 кіші бекеттер бар. АИ-92 — 180 тг/л, АИ-95 — 213 тг, ДТ-ның литрі 231 теңгеден сатылып жатыр.